Источник: nur.kz

Қырғызстанның Ыстықкөл ауданы Темировка ауылында 30 жылдан бері сақал өсіріп келе жатқан 68 жастағы әжей тұрады. Бурулуш Тойғонбаеваны күйеуінің туыстары "сақалчан жеңе" деп атап кеткен деп жазады Turmush сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бурулуш Тойғонбаевада сақал 34 жасынан өсе бастапты. Уақыт өте келе мұрт та пайда болыпты.

Әйел адамның сөзінше, бетіндегі түк төртінші баласын босанғаннан кейін шыға бастаған екен.

"Алғашында түк өсе бастағанда мен оны жұлып отырдым. Бірақ одан кейін жағдай тіпті ушығып кетті. Сондықтан сақал өсіріп жүргеніме отыз жыл болды. Алғаш көрген адамдар таңғалып, маған тесіліп қарайды. Бірақ қазір етім үйреніп кетті", — деді Бурулуш Тойғонбаева.

Әйел адам Ыстықкөл ауданының Қожояр ауылында туылып, өскен, ал тұрмысқа Темировка ауылына шыққан.

Бір үйлену тойда үлкен құдағиының біреуі Бурулуш әжейді шақырып алып, "Құдайдың берген сұлулығын жұлудың қажеті жоқ" деп айтқан екен. Содан бері ол сақалына тиіспепті.

Зейнеткердің балаларының бәрі қайтыс болыпты. Қазір әжей жеті немересін бағып отыр.

Бурулуш Тойғонбаеваның денесінде түк өсуі "гирсутизм" аурының салдары екен. Ол эндокриндік жүйені бұзылуынан, сонымен қатар бала көтертпейтін дәрі немесе тыныштандыратын дәріні көп мөлшерде қолдану салдарынан пайда болуы мүмкін.

Әйел адамның ағзасында ер адамдарға тән гормондарының мөлшері артқан кезде осы ауру қозады.