Источник: nur.kz

Бүгін маңызды шаруыларды кейінге ысырып, көңіліңіз қалаған іспен айналысыңыз. Концертке, көрмеге барып, халық көп жиналған жерге барыңыз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 24-ші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

1. Тоқты

Бүгін көңіл-күйіңіз жақсы болады. Кез келген нәрседен тәжірибе жинап, тек жақсы нәрсе ойлайсыз. Туыстарыңызбен араласқан көңіліңізге жағып, басқа істердің бәрін ысырып қоясыз.

2. Торпақ

Бүгін белсенді, әрі жігерлі боласыз. Тек асығыстық танытпаған жөн. Асықпаған арбамен қоянды алады дегенді ұмытпаңыз.

3. Егіздер

Бүгін өзіңізге сенімді боласыз, сондықтан көп жетістікке қол жеткізуіңіз мүмкін. Осының арқасында басқаларға да көмектессем бе деген ойлар туындауы мүмкін, алайда сізден ешкім көмек сұрамаса бекерге әуре болудың қажеті жоқ.

4. Шаян

Бүгін өз әлеуетіңізді көрсетудің мүмкіндігі туады. Бұл мүмкіндікті пайдалана аласыз ба? Бұл тек сізге байланысты. Ең бастысы үйде отырмаңыз. Кешкісін қоғамдық орындарға барыңыз.

5. Арыстан

Кейбір келеңсіздіктерге қарамастан, бүгінгі күн сәтті өтеді. Кедергілер сізді тоқтатпайды, керісінше табандылығыңызды арттырады. Нәтижесінде көздегеніңізге қол жеткізесіз.

6. Бикеш

Кез келген жағдайда сіз жан дүниеңізбен үлесімде боласыз, сондықтан дүйсенбі сәтті өтеді. Жан дүниеңіз қуанышқа толы болады, сіз бұл сезімдеріңізбен айналадағы адамдармен бөлісіп, оларды өзіңізге қаратасыз.

7. Таразы

Бүгін сізге өте жақсы ұсыныс жасалады, бірақ келіспес бұрын жақсылап ойланып, бұған қатысты мәлімет жинасаңыз дұрыс болады. Егер қандай да бір қиындықтар туындаса, келіспеңіз.

8. Сарышаян

Бүгін асығыс шешім қабылдамаңыз. Қиындықтар өзіңізге деген сенімді арттырып, жақсы нәтижеге қол жеткізуіңіз мүмкін. Кез келген сәтсіздіктің артынан жақсылық болмайтынын ұмытпаңыз.

9. Мерген

Бүгін шектен асуға болмайды. Әсіресе ішімдікке қатысты. Өзіңізді шектей алмасаңыз, көңіл көтеру үшін ішкен ішімдіктің артынан жанжал шығуы мұмкін.

10. Тауешкі

Бүгінгі күнді қалағаныңыздай өткізуіңізге болады. Басқалардың құптауын күтіп, біреудің жоспарына сай әрекет етудің қажеті жоқ. Өзіңізге ерік берсеңіз, бәрі ойдағыдай болады.

11. Суқұйғыш

Бүгін біраз келеңсіздіктер, күтпеген жағымсыз тосынсыйлар болуы мүкін. Бірақ мұның бәрі өткінші екенін ұмытпаңыз. Сондықтан қиындықтарды шешу жолын қарастырыңыз. Әр адам қате жібереді.

12. Балықтар

Бүгін мәселелердің бәрін кейінге ысырып, сізге қуаныш сыйлайтын істермен айналысқан дұрыс. Бүгінгі жоспарларыңызға қоғамдық жерге баруды кіргізген жөн. Көңіл көтерсеңіз жақсы болады.