Источник: nur.kz

17 жастағы британиялық ару Сэффрон Хеффер өзінің жүкті екенін жеті ай бойы білмеген. Ол бұл жағдайын достарына айтып, таң қалдырған. Аяғы ауыр екенін аңғармаған бойжеткен спортпен айналысып, диета ұстаған көрінеді деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бойжеткеннің аяғы ауыр екенін неліктен байқамағанына бір ғана себеп болған. Нақтырақ айтқанда, құрсақтағы сәби алты ай бойы анасының жатырына арқасымен қарап жатыпты.

Британиялық тұрғынның сөзінше, ол етеккірі келмеген күндерді гармональді препараттардан болуы мүмкін деп ойлаған.

Ол спортпен белсенді шұғылданып, диета да ұстаған екен.

Ал өзінің жүктіліктің 37 аптасында екенін білген ол қатты таң қалғанын жасырмаған.

Араға алты апта салып, ол 3 келі 600 грамм сәбиді дүниеге әкелген.