Источник: nur.kz

Бүгін бәрін алдын ала жоспарлап алған жөн. Маңызды шаруаларды таңертең шешіп тастасаңыз дұрыс болады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 12 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

1. Тоқты

Бүгін тік мінезіңіз кез келген адамды ашуландырады. Сондықтан ойыңызды басқа сөздермен жеткізуге тырысыңыз. "Жылы-жылы сөйлесең жылан да інінен шығады" деп бекер айтпайды ғой.

2. Торпақ

Бұрыннан істей алмай жүрген шаруаларыңызды аяқтап тастаңыз. Бүгін соған күшіңіз де, шыдамыңыз да жетеді.

3. Егіздер

Бүгін дарыныңызды көрсете аласыз. Немен айналыссаңыз да, өзіңізді жақсы жағынан көрсетіп, сол үшін сыйақы да аласыз. Ыңғайсыз жағдайға қалмау үшін іс-әрекеттеріңіз бен сөздеріңізге мән беріңіз.

4. Шаян

Таңертең барлық істе белсенділік танытыңыз, түстен кейін біраз демалуға болады. Маңызды және тиянақтылықты талап ететін істерде қиындықтар туындауы мүмкін.

5. Арыстан

Бүгін жоспарларыңыз бен шешімдеріңізді айналадағы адамдармен бөліспеңіз. Әрине, ешкіммен сөйлеспеңіз деген сөз емес, бірақ болашақ жоспарларыңызды ешкімге айтпаған жөн.

6. Бикеш

Бүгін жұлдыздар сізден өжеттілік пен белсенді іс-әрекетті талап етеді, бірақ сізге бұл ұнамауы мүмкін. Дегенмен өзіңізді қолға алып, мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

7. Таразы

Бүгін жоспар құру үшін қолайлы күн, тек қиял мен жоспарды шатастырып алмаңыз. Өміріңізді шынымен өзгерткіңіз келсе, қиялға берілмеңіз.

8. Сарышаян

Бүгін қажетсіз заттардан арылатын күн. Артық заттардан құтылғаннан кейін іске кірісіп, оң нәтиже алуға болады.

9. Мерген

Бұрыннан ойлап жүрген жоспарыңызды жүзеге асырыңыз. Шынымен қалаған болсаңыз, ол жоспарды сәтті орындап шығасыз.

10. Тауешкі

Бүгін таңертеңнен қуатыңыз тасып, бүкіл істерді аяқтап тастауға жететін күш-жігеріңіз болады. Сондықтан көп шаруаларды аяқтауға мүмкіндігіңіз болады.

11. Суқұйғыш

Бүгін бәріне үлгеру үшін асығыстық танытасыз. Әртүрлі кездесулер мен оқиғаларға толы күн болмақ, бірақ жұмыста тиянақтылық танытқан жөн, әйтпесе қате жіберуіңіз мүмкін.

12. Балықтар

Бүгін ұйымдастыру қабілетіңіз артады. Бұл адамдарды басқару керек деген сөз емес. Бірақ адамдарды дұрыс шешім қабылдауға итермелеуге, күнді жоспарлауға, тым болмаса жұмыс үстеліңізді реттеуге болады.